Дүйсенбі, Қыркүйек 23, 2024
26.9 C
Мырзакент
ҮйДенсаулықМақтаарал ауданында 3 медициналық нысандардың құрылысы жүріп жатыр

Мақтаарал ауданында 3 медициналық нысандардың құрылысы жүріп жатыр

Денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған, сондай-ақ ол саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті. 

Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.

Медициналық ұйымдарды біріктіру және интеграциялау арқылы денсаулық сақтаудың мемлекеттік инфрақұрылымын оңтайландыруды жүргізу қарастырылған. Ұлттық деңгейде 2025 жылға дейін Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес денсаулық сақтаудың жұмыс істеп тұрған ғылыми-зерттеу ұйымдарын университет клиникаларына интеграциялау жүргізілетін болады. 

Жалпы, мемлекеттік инфрақұрылымды оңтайландыру аясында негізгі көңіл аурухана секторындағы тиімді пайдаланылмайтын ресурстарды босатуға және қайта бөлуге аударылатын болады, яғни, тұрғындарға қажетті медициналық көмектерді (АМСК, оңалту, паллиативтік көмек т.б.), көрсету үшін емдеу-диагностика процестерін оңтайландыру, кейбір медициналық қызметтерді орталықтандыру және орталықсыздандыру жүргізіледі. 

Бұл шараларды іске асыру емдеу қарқынына сәйкес төсек-орын қорын саралауды және басқаруға, тиісінше, амбулаторлық, стационарды алмастыру, стационарлық және оңалту медициналық көмектерінің жүйелі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жаңа Мемлекеттік нормативте келесі өзгерістер қарастырылған: 

Аудандық деңгейде амбулаторлық ұйымдар бойынша дәрігерлік амбулаториялар әрбір 1500 қызмет көрсетілетін тұрғын үшін ашылады (2000 адамның орнына). Қалған нысандар бойынша параметрлер сақталады. Аурухана секторы бойынша медициналық көмекті екі деңгейде: аудандық және ауданаралық ауруханаларда шоғырландыру қарастырылады. 

Мәселен, бірқатар аудандық ауруханалар базасында ауданаралық ауруханалар ұйымдастырылады, соның арқасында шағын бейінді арнайы медициналық көмек (урология, неврология) ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болады. 

Қалалық және облыстық деңгейлерде 1500 қызмет көрсетілетін тұрғыннан бастап жалпы тәжірибелік дәрігер (бұдан әрі – ЖТД) учаскелерін ашу қарастырылған. БМСК орталықтарын ашу арқылы бірінші реттік торапты шағындауға ерекше көңіл бөлінеді. Аурухана ұйымдары деңгейінде кеңес беру-диагностика көмегі шоғырланады, арнайы орталықтар көпсалалы аурухана ұйымдарының базасында дамитын болады. 

«АУЫЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ұлттық пилоттық жобасы аясында МСАК нысандарының құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысына сәйкес, Ұлттық жобасы аясында облыс аумағындағы 49 МСАК (медициналық санитарлық алғашқы көмек) нысандарының (20 – дәрігерлік амбулатория, 23 – фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 – медициналық пункт) құрылысы 2024 жылға жоспарланған. Оның ішінде, Мақтаарал ауданынан «ҰЛТТЫҚ ЖОБА» аясында 3 нысан енгізілген, Бірлік ауылдық округі Табысты елді мекенінде фельдшерлік-акушкрлік пункт, Еңбекші ауылдық округі Нұрлытаң және Шұғыла елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер. Қазіргі таңда аталған нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары басталуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ