Skip to content
Басты бет / СЭС / Гепатит инфекциясы бүкіл әлемде кең таралған

Гепатит инфекциясы бүкіл әлемде кең таралған

12

Гепатит инфекциясы бүкіл әлемде кең таралған. Вирустық гепатит – бұл А, В, С, D және Е гепатит вирусының бірі тудыратын бауырдың қабынуы.

Бұл вирустар әр түрлі жолмен таралады: А және Е гепатиттері – ластанған тамақ пен су арқылы; гепатит В – қан және дененің басқа сұйықтықтары арқылы; гепатит С – негізінен ластанған қан және D гепатиті – В гепатиті болған кезде қосымша инфекция ретінде таралады. Осы вирустардың барлығы жедел гепатитке әкеледі, оған шаршау, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, сарғаю тән. Көптеген науқастар толық сауығады. Сонымен қатар, В және С гепатиті инфекциялары созылмалы түрге ауысып, цирроз бен бауыр ісіктеріне әкелуі мүмкін.

Өзіңізді гепатит инфекциясынан қорғау үшін қарапайым қағидаларды сақтауыңыз керек. Гепатит инфекциясын қауіпсіз тамақпен және сумен қамтамасыз ету (А және Е гепатиттері), вакциналар (А, В және Е гепатиттері), донорлық қан скринингі, зарарсыздандырылған инъекциялық жабдықтармен қамтамасыз ету және инфекциялық бақылау (В және С гепатиттері) арқылы алдын алуға болады. Қайнамаған суды ішпеңіз, жемістер мен көкөністерді әрдайым жуыңыз, тағамның термиялық өңдеуін назардан тыс қалдырмаңыз. Осы ұсынымдарды орындау арқылы А гепатитін жұқтырудың алдын алуға болады.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.