Четверг, 25 июля, 2024
25.4 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықБейсен Тәжібаев Мақтааралға іс-сапармен келді

Бейсен Тәжібаев Мақтааралға іс-сапармен келді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудандағы құрылысы аяқталған және жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен танысты. Бұдан бөлек, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков тозығы жеткен ғимараттарды көзбен көрсетіп, нысандардың қазіргі жай-күйімен таныстырды.

Ең әуелі облыс әкімінің орынбасары Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан «Толағай» лагерінде болды. Мұнда 200 оқушы жазғы сауықтыру қызметтерін алып жатыр. Балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Аудан басшылығы демалыс орнын күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс білдірді.

Типтік үлгідегі Қ.Сәтбаев атындағы №6 мектебіндегі күрделі жөндеу құрылысы биыл маусым айында басталған. 570 орындық білім ошағын келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Бейсен Дәулетұлы А.Пушкин атындағы №7 мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалап, мердігерлерге жұмысшы күшін екі есе көбейту және құрылыс сапасына аса мән беруді тапсырды. Кемшіліктер кешірілмейтінін, айыппұлдар салынатынын да ескертті. Сапары аясында облыс әкімінің орынбасарына М.Тұрсын-заде атындағы білім ұясының да қиын ахуалы баяндалды.

Бейсен Тәжібаев А.Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл елдімекенінде жаңадан салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы ойдағыдай жүріп жатқанына да көз жеткізді. Ауданда мәдениет саласында инфрақұрылымды жақсартуға жақсы көңіл бөлінгенінің куәсі болды. Атап айтқанда, соңғы жылда 2 мәдениет үйі пайдалануға берілген. Сондай-ақ, Алғабас елдімекеніндегі мәдениет үйінің күрделі жөндеу құрылысы биыл наурыз айында басталып, қазан айында аяқтау жоспарланғанымен мерзімінен бұрын тапсырылады деп күтілуде.

Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары сапарының соңында ауданның белсенді азаматтарымен ашық жиын өткізіп, өңірдегі өзекті мәселелерді тұрғындардың өз ауыздарынан тыңдады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ