8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні Мақтаарал ауданында кең көлемде аталып өтті.
Аудан әкімі түрлі саланың нәзікжанды қызметкерлерін, жас қыз-келіншектерді және белсенді әжелерді, көп балалы аналарды құттықтады. Ал, кенттер мен ауылдық округ әкімдері елдімекендер мен көшелерді аралап жүріп, әйелдерге деген сый-құрметтерін көрсетті.
Кейуана әжелеріміз, көп балалы аналар және белсенді еңбегімен көзге түсіп жүрген әйелдер, қыз-келіншектер ауыл әкімдерінің құттықтау хаттары, алғыс хаттарымен марапатталып, мерекелік сыйлықтарға ие болды.