Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
14.3 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАУДАНЫМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА АТСАЛЫСЫП ЖАТҚАН БАРША ТҰРҒЫНДАРЫМЫЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН!

АУДАНЫМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА АТСАЛЫСЫП ЖАТҚАН БАРША ТҰРҒЫНДАРЫМЫЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – біздің халқымыз ауыр сынақ жылдарында көрсеткен мейірбандық туралы естеліктер жаңғыратын күн.

Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне құрмет қазақ жеріндегі еліміздің барлық азаматтары үшін туған үйіне айналған достық пен өзара түсіністіктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Өз отандастарына және туған өлкесіне деген жарқын алғыс сезімі оны ерекше, терең мағынаға толтырады.

Қазіргі ұрпақ, әсіресе жастар тарихымызды білуі және есте сақтауы тиіс. Оның тәжірибесі мен дана сабақтары шынайы патриотизм мен бірлікке үлгі береді. Сондықтан, Алғыс күнінің басты мәні – бұл тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар байланысын және халықтың ынтымақ-бірлігін нығайту.

Бүгінгі таңда ауданымызда түрлі ұлт өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бірнеше ұлттардың этномәдени орталықтары жұмыс істеп тұр. Мереке қарсаңында олар өз алғыстарын білдіру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізуде. Сондықтан, біздегі ұлттар достығы нығая берсін деп тілек білдіргім келеді.

Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке, табыс тілеймін!

Ауданымыздың дамуына атсалысып жатқан барша тұрғындарымызға шынайы алғысымды білдіремін!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

Асанов Бақыт Насырханұлы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ