Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАтакентте спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде

Атакентте спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде

Мақтаарал ауданы Атакент кентінде спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Кеше аудан әкімі Бақыт Асанов нысан аумағына арнайы барып, құрылыстың сапасын тексерді.

2023 жылы басталған құрылыс нысаны толық бой көтеріп, қазіргі таңда әктеу-сырлау мен сыртқы ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Спорт кешені ел игілігіне берілгеннен соң Атакент кенті мен Мақтаарал ауылдық округі жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік туады.

Нысанның конкурстық құны 593 миллион теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і жүргізуде. Нысан шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жалпы спорт кешенінде үлкен спорт залы, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузельдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған. Мұнда спорттың гандбол, баскетбол, волейбол, бокс, гимнастика, ауыр атлетика және жеңіл атлетика түрлері дамытылатын болады.

«Нысан халықтың игілігіне берілгеннен соң ауданымыздың спортын дамтыуға үлкен үлес қосатын болады. Қазірден бастап жастырмыз «Мынау қандай кешен, қашан аяқталады?» деп сұрап, қызығушылық танытып жатыр. Өйткені, мұндай кешендер халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге үлкен мүмкіншілік береді. Спортшыларымызды биік дәрежеге көтеруге көмектеседі» — деді, Атакенттегі спорт мектебінің жаттықтырушысы Еркебұлан Дайылбаев.

Айта кетейік, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданында жастардың спортпен шұғылдануына көптеген жағдайлар жасалуда. Бұған дейін Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы, «Мырзакент» спорт сарайы ел игілігіне беріліп, түрлі ауылдарда 20-дан астам кіші футбол алаңшалары ашылды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ