Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау — ең жауапты әрі ең қастерлі міндет

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау — ең жауапты әрі ең қастерлі міндет

44

Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері, ақ халатты абзал жандар, медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірі мен денсаулығын қорғау – ең жауапты әрі ең қастерлі міндеттердің бірі. Бұл мамандық үлкен білімді, жоғары жауапкершілікті, төзімділік пен мейірімділікті талап етеді. Сіздер күн сайын азаматтардың саулығы үшін аянбай еңбек етіп, көптеген жандарға үміт сыйлап, олардың өмірін сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Бүгінде ауданымыздың денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер мен барлық медицина қызметкерлері халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жолында абыройлы қызмет атқаруда. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз тұрғындардың зор құрметіне ие.

Әсіресе, денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің көп жылғы еңбектеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз жас мамандарға үлгі болып, саланың дамуына берік негіз қалайды.

Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз, ақ халатқа деген адалдықтарыңыз әрдайым жоғары бағаланады. Ел игілігі жолындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс, кәсіби жетістіктер мен баянды бақыт тілеймін!

Ел-жұртымыздың амандығы жолындағы абыройлы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!


Құрметпен,

Бақыт Асанов

Аудан әкімі.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.