Ұлт дамуының басты кепілі – әділдікке негізделген кадрлық саясат.
Бұл тұрғыда мемлекеттік қызмет жүйесінде меритократия қағидаты берік орнығып келеді. Яғни, «Жігерліге – жол, еңбектіге – орын» деген ұстаным шынайы іске асуда.
Жалпы, меритократия ұғымы – бұл мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету.
Осы орайда, 2025 жылы облыс көлемінде ішкі конкурстар нәтижесінде 345 мемлекеттік қызметші лауазымдарға тағайындалды. Оның ішінде,
238-і жоғары лауазымға тағайындалған. Бұл – жалпы көрсеткіштің 68,9% құрайды. Яғни, мемлекеттік қызметшілер өз кәсіби біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында жоғарылау мүмкіндігіне ие болады.
Бұл ретте, «Еңбек – ер атандырады, әділдік – ел көтереді» демекші, меритократиялық ілгерілеу – қызметшінің қабілеті мен адалдығына негізделгенін айқын көрсетеді.
Осылайша әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жетістігін бағалай отырып, кәсіби өсуіне жол ашу – әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы нақты қадамдардың бірі болары анық.
А. Наурызбаев
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

