Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
8.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметӘлеуметтік сала мамандарына арналған оқыту семинары басталды

Әлеуметтік сала мамандарына арналған оқыту семинары басталды

Түркістан өңірінің әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының үйлестіруімен оқыту семинарлары мен тестілеу жұмыстары басталды.

Бүгін басқарма басшысы Асия Темірбаева, «Еңбек Мобильділігі орталығы» КММ директоры Ақмарал Жулаева Мақтаарал және Жетісай аудандарында аталған іс-шараларды жүргізді. Білім деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған жиынға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда мүдделі өкілдер, ауыл әкімдері және әлеуметтік сала жөніндегі мамандары, жергілікті Мансап орталығы филиалдарының жауапты қызметкерлері қатыстырылды.

Оқыту семинары барысында АӘК алушылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарта отыра, аудан, қалаларда мониторинг жұмыстарын жандандыру қажеттігі айтылды. Сол себепті ауыл әкімдіктері мен Мансап орталықтарының мамандарына оқыту семинарларын өткізілуде. АӘК-ті негізсіз тағайындауға жол бермеу арқылы олардың санын жыл соңына дейін 116 196 адамға немесе облыс халқының 5,4% төмендету межеленді.

Жалпы облыс көлемінде аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жолында бірқатар жұмыстар атқарылып, әлеуметтік көмектер көрсетілуде.

Соңғы 4 жылда кедейлік деңгейін және тиісінше атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын төмендетудің оң үрдісі байқалады. Мәселен, 2023 жылы облыста 157,7 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды. 2022 жылмен салыстырғанда АӘК алушылардың саны 40,6 мың адамға немесе 20,5% төмендеді. Кедейлік деңгейін төмендету атаулы әлеуметтік көмек алушылардың еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі белсенді жұмыстың арқасында қамтамасыз етілді. Ал, кедейшілік шегінен төмен тұратын халықтың үлесі жыл қорытындысы бойынша 7,4% құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,0% төмендеді. 2024 жылы кедейлікті төмендету, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 38,6 мың отбасын АӘК-пен қамтамасыз ету жоспарлануда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ