Сақтау ережелері
• Химиялық заттарды балалар мен жануарлардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Арнайы жабылатын қақпағы бар ыдыстарда ұстаңыз.
• Тамақ өнімдері мен сусындардың қасына қоймаңыз.
• Заттарды түпнұсқа қаптамасында сақтап, бөтелкесінауыстырмаңыз.
Қолдану кезінде
• Нұсқаулықтағы қолдану мөлшерін сақтаңыз.
• Қолғап, кей жағдайда маска кию ұсынылады.
• Бөлмеде жұмыс істегенде терезені ашып, желдетудіқамтамасыз етіңіз.
• Әр түрлі химиялық заттарды (мысалы, хлор мен қышқылдарды) араластырмаңыз – уытты газ бөлінуімүмкін.
Жеке қауіпсіздік
• Химиялық затпен жұмыс істеген соң қолды сабындапжуыңыз.
• Артық немесе ескі тұрмыстық химияны дұрыс жолмен(қоқысқа арналған арнайы орындарға) тастаңыз.
• Қаптаманы қайта пайдаланбаңыз (мысалы, су немесеазық сақтауға).
Улану қаупі туған жағдайда
• Көзге немесе теріге тисе – мол сумен шайыңыз.
• Тыныс алу қиындаса – таза ауаға шығыңыз.
• Ішке кетсе – құстыруға болмайды, дереу «103» жеделжәрдем шақырыңыз.
• Дәрігерге қандай затпен уланғаны туралы қаптамасын көрсетіңіз.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков