Понедельник, 13 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСМенингококк инфекциясы – Neisseria meningitidis бактериясынан қоздырады

Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitidis бактериясынан қоздырады

Менингококк инфекциясы – Neisseria meningitidis бактериясынан қоздырылатын, ауа-тамшы механизмімен берілетін, назофарингиттен (мұрын қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы) ми қабығының қабынуына (менингит) және сепсиске (қанмен улану) дейінгі клиникалық көріністері бар, әртүрлі органдар мен жүйелерді зақымдайтын өте қауіпті жұқпалы ауру.

Инфекция көзі- науқас адам, бактерия тасымалдаушы. Көп жағдайда бактерия тасымалдаушы жоғары эпидемиологиялық маңызға ие, себебі оларда аурудың ешқандай клиникалық көріністері байқалмай жүре береді. Инфекцияның қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз.

Менингококк инфекциясының жиілігі маусымдылықпен сипатталады. Сырқаттанушылықтың көтерілуі қараша – желтоқсанда басталып, наурыз – сәуірде жоғарғы шегіне жетеді. Менингококкты инфекция иммунитеті төмен адамдардың ағзасында тез дамиды. Менингококк инфекциясының инкубациялық кезең екі күннен он күнге дейін, көбіне екі-төрт күн жалғасады.

Инфекция жұқтырған адамда дене қызуының 38-40°С дейін көтерілуі, қалтырау, бастың қатты ауырсынуы, құсу сынды белгілер болады. Тері бозарады, жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Науқастарда өте тез мазасыздану, қимылдық қозу, терінің гиперестезиясы дамиды, сананың ессіз күйден комаға дейін бұзылуы қосылады, менингеалды симптомдар өршиді. Ауру симптомсыз бактерия тасымалдаушылықпен және жіті менингококк назофарингиті түрінде, әлсіз көрінетін интоксикация және ринофарингит белгілерімен өтуі де мүмкін, клиникалық белгілері бойынша ЖРВИ-ға ұқсайды.

Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жүргізіледі. Менингококк инфекциясының генерализацияланған түрі мен назофарингиттің өршуі кезінде науқастар стационарлық емдеуге жатқызылуы тиіс.

Менингиттің алдын алу үшін ұсынылады:

1) Витаминдер мен микроэлементтермен байытылған толық және теңдестірілген тамақтану, спортпен шұғылдану, ағзаны шынықтыру;

2) Бөлмеге ылғалды жинау жұмыстарын жүргізіп, жиі желдету;

3) Жеке бас гигиенасын сақтау, дәретханаға барғаннан және тамақ ішердің алдында қолды мұхият сабындап жуу;

4) Халық көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу. Көпшілік орталарға түскен кезде бір реттік бетперделерді қолдану;

5) Инфекцияға тән симптомдар біліне бастағаннан дәрігерлік көмекке қаралу;

Есіңізде болсын! Қандай ауру болмасын, дер кезінде медициналық көмекке жүгінген кезде, Сіз өз өміріңізді және отбасыңызды аман алып қаласыз!

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ