Пятница, 8 августа, 2025
22.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметӘкім тұрғындарды жеке қабылдады

Әкім тұрғындарды жеке қабылдады

2025 жылдың 7 тамыз күні Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді тыңдады.

Алдын ала жазылған 8 азамат қабылдау барысында тұрғын үй салуға арналған жер қатынастары, көшелерге асфальт төсеу, газдандыру және көше жарығын орнату, ағын су тапшылығы, жұмыссыздық, тәртіп бұзушылықтар дәне әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Аудан басшысы әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, кейбір сұрақтар сол мезетте шешімін тапты. Қалған мәселелер заң аясында қаралып, бақылауға алынды.

Айта кетейік, аудан әкімінің тұрғындармен кері байланысты нығайту және олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстары жалғасатын болады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ