Воскресенье, 1 июня, 2025
32.1 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өтті

Мақтааралда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өтті

Мақтаарал ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі №31-н/қ өкіміне сәйкес, 2025 жылдың 21 сәуірі мен 5 маусымы аралығында Мақтаарал ауданы әкімі аппараты, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағыты жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулық негізінде жүзеге асырылуда.

Аталған іс-шара аясында 2025 жылғы 28 мамыр күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов төрағалық етіп, аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Бауыржан Мүсірепов баяндама жасады.

Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа ықпал етуі мүмкін факторлар қарастырылып, ішкі рәсімдердегі олқылықтар мен тәуекелдер анықталды. Талдау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, оларды іске асыру мақсатында жауапты бөлімдер мен лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, бақылау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ тұрғындармен кері байланысты нығайту мәселелері де күн тәртібінде көтерілді.

Жиын барысында ауданның әрбір құрылымдық бөліміне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, тиімді орындау қажеттілігі ескертілді. Ішкі талдау нәтижелерінің орындалуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болмақ. Бұл шара Мақтаарал ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және ашықтық қағидатын ілгерілету жолында маңызды қадам болып саналады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ