Понедельник, 14 апреля, 2025
18.5 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМақтааралда пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту бағытында арнайы форум өтті

Мақтааралда пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту бағытында арнайы форум өтті

Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі жанынан құрылған консультациялық — кеңесші органның жоспарына сәйкес, әр тоқсан сайын кезекті отырыстарын өткізіп, Мақтаарал аудандық Пробация қызметі бөлімінің атқарған жедел-қызметтік жұмысының барысын, «Мақтаарал аудандық мансап орталығы» филиалының пробация есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстары барысын тыңдап, тиісті ұсынымдарын жолдап отырады.

Бүгін Мақтаарал ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, пробациялық есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалту бағытындағы бірлескен жұмыстарды баяндау мақсатында арнайы аудандық форум өтті.

Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен іс-шараға аудан прокуроры Айтболат Досаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ердәулет Амантаев, сот саласының ардагері Құнанбай Мұсаев, аудан ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.

«Бүгінгі Форумда пробациялық есепте тұрған азаматтардың мәселелерін ашық талқылап, оларға қолдау көрсету жолдарын қарастырамыз деп үміттенемін. Әрбір азаматтың қоғамға пайдалы мүше болуына мүмкіндік беру – ортақ міндетіміз. Бірлескен күш-жігерімізбен Мақтаарал ауданын қауіпсіз, өркендеген және әділетті өңірге айналдыратынымызға сенімдімін. Форум жұмысына сәттілік тілеймін!» — деді, жиынды ашып берген Бақыт Насырханұлы.

Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Амантаев, аудан прокурорының орынбасары Д.Романов, сот саласының ардагері Қ.Мұсаев, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын А.Қалшабектер сөзге шығып, атқарылған жұмыстар мен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу бойынша пікірлерін айтып, өз ұсыныстарын жолдады. Сондай-ақ, іс-шара барысында шағын кәсіптерін ашқан кәсіпкерлердің көрмесі көрсетілді.

Айта кетейік, аудандық мәслихаттың шешімімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, аудандық бюджеттің есебінен бір реттік 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету туралы нормативтік акті қабылданған.

Жалпы жыл басынан бері жұмыспен қамту мәселесі бойынша аудандық мансап орталығына жүгінген пробация есебінде тұратын 21 азаматқа құқықтық кеңестер беріліп, бос жұмыс орындарының және жұмыспен қамту шараларының басқа да түрлерімен таныстыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Нәтижесінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 азамат, деректер қорындағы тұрақты бос жұмыс орындарына 3 азамат, «Мырзакент 2020» ЖШС-не 2 азамат квота бойынша жолданды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ