Вторник, 8 апреля, 2025
27.8 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАудан басшысы Атакент кентіндегі өзекті мәселелермен танысты

Аудан басшысы Атакент кентіндегі өзекті мәселелермен танысты

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов 2-сәуір күні Атакент кентінде болып, кенттегі өзекті мәселелермен танысты.

Ең алдымен «Атакент» аудандық ауруханасының басшысы Әлібек Жузеновпен кездесіп, кенттің емханасына төтесінен кіру үшін К-20 каналының үсітенен көпір салу мәселесін талқылады. Жоба жүзеге асқан жағдайда медициналық жедел көліктің жүріс ұзақтығы азайып, ем алушылардың да келіп кетуіне ыңғайлы жағдай жасалатын болады.

Мұнан соң аудан басшысы 1500 орындық жайлы мектептің құрылыс нысанына барып, бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекемелердің басшыларына сын ескертулер берді. Сондай-ақ, аудан басшысы Ташкент көшесінің бойындағы ағын су лотоктарын қайта құру жұмыстарымен танысты.

Жобалық-сметалық құны 50 миллион теңгені құрайтын нысанның құрылысын мердігер «Қызмет» ЖШС-і жүргізуде. ЖСҚ бойынша орнатылатын лотоктардың жалпы ұзындығы 1380 метрді құрайды. Қазіргі таңда 300 метр жерге жаңа лотоктар орнатылып үлгерген.

Аудан басшысы жұмыстың сапасы көңіл көншітпейтінін, нысанның жұмысын қадағалауда кент әкімшілігі тиісті деңгейде жұмыс жүргізбей жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, құрылыс саласына жауапты басшыларға нысанның жобаға сәйкес салынуын қатаң қадағалауды тапсырды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ