Тамақтан улану- бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру. Оның себебі әр түрлі микроорганизмдердің көбінесе бактериялардың ағзаға тағаммен бірге түсуінен болуы мүмкін.
Тамақтан уланудың белгілері:
— іш өтуі;
— құсу;
— жүрек айну;
— әлсіздік;
— іш ауруы.
Тамақтан уланудың алдын алу шаралары:
-азық түлік өнімдерін сатып алғанда шығарылған күніне және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;
— тағамды тиісті жағдайда және дұрыс температурада сақтаңыз;
— термиялық өңдеуге жатпайтын көкөністерді, жемістерді, көк шөптерді ағынды су астында мұқият жуыңыз;
— үй жағдайында дайындалған консервіленген және кез келген басқа да тамақ өнімдерін стихиялық белгіленбеген сауда орындарынан сатып алмаңыз;
— тағамдарды дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз;
— ыдыс жууға арналған шүберекті және ас үй сүлгісін жиі ауыстырыңыз, ас үйдегі тазалықты қадағалаңыз.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков



