Четверг, 13 марта, 2025
19 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАудан әкімінің орынбасары құрылыс нысандарымен танысты

Аудан әкімінің орынбасары құрылыс нысандарымен танысты

Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев аудандағы құрылыс нысандарымен танысу үшін арнайы аралады.

Ең алдымен ол Атакент кентінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық мектепке барып, құрылыс сапасын қадағалады. Бала санының артуына байланысты пилоттық жоба аясында жалпы ауданда 5 мектептің құрылысын жүргізу көзделген болатын.

Бауыржан Қуанышұлы құрылысы жүріп жатқан мектепті аралап көріп, орын алып жатқан кейбір кемшіліктер бойынша мердігер мекеменің басшыларына ескертті. Сондай-ақ, құрылыстың кестеге сай жүруін қамтамасыз ету керектігін қадап айтты.

Жалпы бұл мектепте пәндік кабинеттер заманауи технологиялармен жабдықталатын болады. Оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, мұнда оқушылардың сапалы білімге қанық болып өсуі мен жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін көтеріп, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалатын болады.

Әкімнің орынбасары Атакент кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға салынған арендалық тұрғын үйлермен де танысты.

Екі қабатты, 24 пәтерлі 4 тұрғын үй нысаны толық талапқа сәйкес салынып, жақын арада пайдалануға берілетін болады. Аудан бойынша дәл осындай 87 пәтердің құрылысы аяқталып, кілттері иелеріне табысталмақшы. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан бойынша бұған дейін көпбалалы аз қамтамасыз етілген 76 отбасыға пәтер берілген болатын.

Айта кетейік, ауданда әртүрлі санатта 2 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ