Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында бесленді жалғасуда.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Жоспар бойынша бүгін Бірлік ауылдық округі Өркениет елдімекенінде сенбілік жұмыстары өтті.
Округ әкімдігі, ауыл билері мен ардагерлері, әжелер алқасының бастамасымен өткен тазалық шарасына барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік нысандардың ұжымдары мен тұрғындар атсалысып, барлығы 200-ден аса адам қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында 2 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылып, арық-атыздардың бойы, ішкі көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан арылды. Сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстарға белсенді жастар мен еріктілер де атсалысты.