Жұма, Қараша 22, 2024
8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАР36 мемлекеттік қызметшінің құқығы қайта қалпына келтірілді

36 мемлекеттік қызметшінің құқығы қайта қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Д. Суртековтың төрағалығымен семинар өтті.

Семинарда «қызметтік тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер және дәлелдеу мәселелері, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау, тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және қызмет көрсету бағытындағы заңнамалар» тақырыптары талқыланды.

Жиынға облыстың Әдеп жөніндегі уәкілі, жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерінің комиссия төрағалары мен комиссия мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С. Сарқыт мемлекеттік органдардың ағымдағы жылдың басынан бері тәртіптік комиссияның жұмысына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша баяндады.

Нәтижесінде 488 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қолданылған тәртіптік жазалардың саны 20,5% артқаны байқалатындығын атап өтті.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшiнің тәртіптік жауаптылығын қарау кезінде қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу бойынша заңнама талаптарының сақталуына бағытталған түсіндірме жүргізді.

Бұл ретте, Д. Суртеков тарапынан кейбір мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану барысында заңнама талаптары сақталмай өрескел бұзушылықтар орын алып жатқаны айтылды.

Департаменттің талдау нәтижесінде тәртіптік жаза қолдану қағидалары талаптарының бұзылуы салдарынан 36 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза дұрыс қолданылмаған.

Өз кезегінде, Департаменттің ұсынуымен заңнама нормалары бұзыла отырып тәртіптік жаза қолданылған бұйрықтардың күші жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды.

Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. Жұматай Агенттікпен жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізілгенін, нәтижесінде бірқатар бұзушылықтардың орын алғанын, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын және Әдеп кодексі нормаларымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын басты назарда ұстау керектігін жеткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

 агенттігінің Түркістан облысы

 бойынша департаменті

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ