Skip to content
Басты бет / АЙМАҚ / Бірлік ауылдық округі тұрғындарының талап-тілегі назарға алынды

Бірлік ауылдық округі тұрғындарының талап-тілегі назарға алынды

64

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы ашықтығы мен есептілігін арттыру, жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалар туралы тұрғындарға ақпарат беру мақсатында Мақтаарал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Саттаров Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауданның 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарған жұмыстары туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары таныстырылды. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік реформаларға тоқталып, олардың мән-маңызына кеңінен түсініктеме берді.

«Елімізде болып жатқан саяси өзгерістер мен реформалар баршаңызға белгілі. Жаңа Конституцияның қабылдануы, заң мен тәртіп қағидатының орнығуы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар – ел дамуының маңызды кезеңдері. Бұл өзгерістер жергілікті атқарушы органдарға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің негізгі міндетіміз – мемлекеттік саясаттың мүмкіндіктерін аудан тұрғындарының игілігіне тиімді пайдалану. Заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз» – деді, Нұрбол Жақсылықұлы.

Жиында Бірлік ауылдық округінің әлеуметтік мәселелері де кеңінен сөз болды. Аудан әкімі міндетін атқарушы тұрғындарды алаңдатып отырған өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады. Жиын соңында «ашық микрофон» ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді тікелей аудан басшылығына жеткізді.

Нұрбол Саттаров әрбір тұрғынның сауалына жеке тоқталып, тиісті жауаптар берді. Қосымша түсіндіруді қажет ететін мәселелер бойынша тұрғындар жеке қабылдауға шақырылып, олардың ұсыныс-тілектері назарға алынды.

Тұрғындарды жеке қабылдау барысында құқық қорғау органдарының басшылары, тиісті сала жетекшілері және аудандық мәслихат депутаттары да қатысып, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер алдағы уақытта тиісті сала мамандарының бақылауына алынып, олардың шешілу барысы зерделенетін болады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.