Жұма, Желтоқсан 27, 2024
2.8 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан басшысы жас қыз-келіншектерді құттықтады

Аудан басшысы жас қыз-келіншектерді құттықтады

8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов түрлі салада белсенді еңбек етіп жүрген жас қыз-келіншектермен кездесу өткізді.

«Тәжі» мейрамханасында өткен іс-шарада аудан басшысы өзінің мерекелік лебізін білдіріп, нәзік жандыларға деген сый-құрметін көрсетті.

«Бүгінде қыз-келіншектеріміз қоғамның қай саласында да белсенді, беделді қызмет етуде. Еліміздің экономикасында, білім мен денсаулық сақтау саласында, мәдениет пен бизнес көкжиегінде Сіздердің іздеріңіз бар. Сол тамаша талпыныстарыңызбен мақталы Мақтаарал ауданының дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Іскерліктеріңізбен қатар, қашанда отбасыларыңыздың ұйытқысы, ырыс-берекесі екендіктеріңіз анық. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Кездесу барысында әрбір қыз-келіншек өздерін таныстырып, жұмыс істеп жүрген саласы туралы, ондағы кейбір өзекті мәселелер төңірегінде әңгімелеп берді. Аудан басшысы әрбір азаматшаны мұқият тыңдап, ашық сұхбат құрды.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданына қарасты кенттер мен ауылдық округтерде, түрлі мекемелерде Халықаралық әйелдер күні мерекесі кең көлемде аталып өтуде.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ