Skip to content
Басты бет / СЭС / Санитариялық-қорғаныш аймағына қойылатын талаптар

Санитариялық-қорғаныш аймағына қойылатын талаптар

26

Санитариялық-қорғаныш аймағы – өндірістік объектілерден таралатын зиянды факторлардың әсерін төмендету мақсатында өндірістік аумақ пен тұрғын үй құрылысы, қоғамдық ғимараттар, демалыс орындары және басқа да халық тұрақты болатын аумақтардың арасындағы арнайы бөлінген аумақ.

СҚА-ның негізгі мақсаты – халықты өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болатын қолайсыз факторлардың әсерінен қорғау. Мұндай факторларға мыналар жатады:

• атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттар;

• өндірістік шу;

• діріл;

• электромагниттік сәулелену;

• технологиялық процестерден туындайтын басқа да физикалық және химиялық әсерлер.

СҚА мөлшері өндірістік объектінің қауіптілік дәрежесіне, технологиялық ерекшеліктеріне және қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне қарай белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағы шегінде тұрғын үйлерді, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарын, балалар алаңдарын орналастыруға жол берілмейді. Сонымен қатар санитариялық-қорғаныш аймақтарын көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жасыл желектер зиянды заттардың таралуын азайтып, шаң-тозаңды ұстап қалуға және шуды төмендетуге ықпал етеді.

Өндірістік нысандардың санитариялық-қорғаныш аймақтарын дұрыс ұйымдастыру – қоршаған ортаны қорғаудың, халық денсаулығын сақтаудың және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Искаков

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.