Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Мақтааралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

52

Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті екінші отырысы өтіп, онда аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер қаралды.

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков төрағалық еткен комиссия отырысына құқық қорғау органдарының өкілдері, аумақтық мекемелердің басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдердің жетекшілері қатысты. Комиссия мүшелерінің түгел қатысуы — бұл өз кезегінде мәселені кешенді түрде талқылауға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.

Комиссияның күн тәртібінде төрт негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды. Сонымен қатар, жер қатынастары саласында жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар жан-жақты сараланды.

Отырыс барысында Иіржар ауылдық округі әкімі аппаратының және Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы атқарған жұмыстары жөнінде есептері қаралып, жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігіне баға берілді.

Мәжіліс барысында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бижан Шералыұлы мемлекеттік қызмет жүйесінде адалдық пен ашықтық қағидаттарын берік ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Ол халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, азаматтардың өтініштерін дер кезінде әрі сапалы қарау – мемлекеттік аппарат жұмысының басты басымдығы екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек бақылау шараларымен шектелмей, қоғамда мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру арқылы жүзеге асуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету міндеттелді.

Комиссия жұмысы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, аудан аумағында ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.