Мақтаарал аграрлық колледжі оқушылардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету, елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт-дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін бойына сіңіру, бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында Қазақстанда туып, өскен этнос өкілдері «Туған жерім – жүрегімде!» тақырыбында челлендж ұйымдастырып, өз алғысын білдірді.