Skip to content
Басты бет / СЭС / Зоонозды-тері лейшманиозы және оның алдын алу!

Зоонозды-тері лейшманиозы және оның алдын алу!

11

Зоонозды-тері лейшманиозы адамға трансмиссивті жолмен берілетін протозойлық індет. Инфекция көзі кеміргіштер, негізінен үлкен құмтышқандар. Індетті таратушы үндемес масалар – қаңсорғыш жәндіктер. Адамдар инфекцияны үндемес масалардың шағуы кезінде жұқтырады. Ауру кезінде теріде қызарып басталатын түйін пайда болып, кейін жараға айналады және ұзақ уақыт жазылмайды.

Терідегі қызару мен ісіну, ауырмайтын түйіннің пайда болуы, кейін жараға айналуы. Инфекцияны пәрменді жұқтыру кезеңі шілде айының соңынан қазан айына дейін (жылы уақытта) созылады. Аурудың инкубациялық кезеңі орта есеппен 2-3 апта көлемінде, клиникалық даму циклі 4-6 ай құрайды, соңында тыртық қалыптасуымен сипатталады. Зоонозды тері лейшманиозы тіркелуі күз айларында басталады. Үндемес масалар кешкі және түнгі уақытта белсенді болады.Ауру белгілері байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Алдын алу жолдары:

✅ қоқыс пен кеміргіштерді жою;

✅ қоршаған ортаны таза ұстау.

✅ балаларды жәндік шағуынан қорғау;

✅ денені толық жабатын киім кию;

✅ жәндікке қарсы репеллент қолдану;

✅ терезе мен есікке арнайы тор орнату;

✅ үй маңын және қора-қопсыны таза ұстау;

✅ қоқыс қалдықтарын уақытылы шығару;

✅ балаларды жәндік шағуынан қорғау.

✅ табиғатта демалғанда сақтық шараларын сақтау.

Түркістан облысында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы зоонозды тері лейшманиозының табиғи ошақтары Отырар, Арыс, Шардара аудандарының елді мекендері кіреді. Аурушаңдықтың алдын алу мақсатында дезинсекция жұмыстарының І — кезеңі 2026 ж. мамыр айының 04- нен бастап маусым айының 06 аралығында, ІІ – кезең 2026 ж.шілде айының 13-нен тамыз айының 11 – не дейін жүргізіледі.

Тазалық пен сақтық — аурудың алдын алудың ең тиімді жолы. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, жақындарыңызды да сақтандырыңыз!


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.