Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда 170 орындық жаңа аурухана құрылысының жобасы талқыланды

Мақтааралда 170 орындық жаңа аурухана құрылысының жобасы талқыланды

145

Мақтаарал ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылғалы отыр. Атап айтқанда, Атакент кентінің аумағында 170 орындық жаңа аудандық аурухана ғимаратының құрылысы жобалануда.

Жаңа медициналық нысан аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттырып, заманауи талаптарға сай кешенді ем-дом шараларын жүргізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бүгін осы жоба аясында аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков нысанды жобалаушы мекеменің өкілдерімен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар құрылыс жұмыстарының алдағы кезеңдерін, жобаның техникалық ерекшеліктерін және іске асыру мерзімдерін кеңінен талқылады.

Жұмыс тобы аурухана салынатын жер теліміне барып, оның аумағын көзбен шолып шықты. Жергілікті жердің инфрақұрылымы, инженерлік желілерге қосылу мүмкіндіктері, көлік қатынасы және басқа да маңызды факторлар зерделенді. Бұл өз кезегінде құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне негіз болмақ.

Жаңа аудандық аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталады. Жоба іске асқан жағдайда Мақтаарал ауданындағы денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті айтарлықтай артып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Аудан басшылығы бұл жобаны өңір үшін стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі ретінде қарастырып отыр. Құрылыс жұмыстары алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.