Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйА.Қалыбеков а/оЖас мемлекеттік қызметшілерге үлгі

Жас мемлекеттік қызметшілерге үлгі

Битеміров Молдабек Еркеқұлұлы 1964 жылы 24 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының азаматы, білімі жоғары, 1986 жылы, Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1986-1989 жылдары 4-санатты Монтажист, мамандандырылған Шымкент село құрылыс трессінің ЖМС-1809, 1989-1991 жылдары Шебер, мамандандырылған Шымкент село құрылыс трессінің №6 ЖМК, 1991-1992 жылдары Құрылыс инженері, Жетісай аудандық дайындау қабылдау сауда мекемесі, 1992-1993 жылдары Прораб, Аудандық универсалды дүкен, 1999-2007 жылдары Бас маман, Үлгілі селолық округі аппараты, 2007-2013 жылдары Бас маман-іс қағаздары бойынша, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің аппараты, 2013-2016 жылдары Ауылдық округ әкімінің орынбасары, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің аппараты, 2017-2021 жылдары Ауылдық округ әкімі, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімінің аппараты; 05.01.2021 жылдан бастап о.у.д А.Қалыбеков ауылдық округі әкімі мемлекеттік әкімшілік лауазымын абыроймен атқарып келеді.

Битеміров Молдабек Еркеқұлұлы мемлекеттік қызметті атқару барысында өзін білікті маман, беделді басшы, талапшыл, ой-өрісі кең, өзіне тән іскерлік қабілеті мен биік жауапкершілігі арқасында жас мамандарға жол көрсетіп келеді.

Жалпы еңбек өтілі 37 жылды құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі 24 жылды құрап, ауданымыздағы жас мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге үлгі өнеге болып отыр.

Жұмыс барысында ауыл тұрғындарына деген ықыласы мен қамқорлығының арқасында көпшілік арасында құрметке ие болып отырған білікті басшы.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ