Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
14.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметЖарқын жүзді Гүлжар апай

Жарқын жүзді Гүлжар апай

Ұзақ жылдар бойы ауданымыздағы балалар кітапханасында еңбек еткен Жанисова Гүлжар Әбдіқадырқызы балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру жолында мол еңбек еткен жан. Бүкіл саналы ғұмырында кітапхана оқырмандарына қазақ халқының ақын-жазушыларының, алыс-жақын шетел жазушыларының шығармаларын насихаттап, оқытып, өзінің жас оқырмандарын білім жолына бағыттады. Өзінің еңбек жолында қаншама жас кітапханашыларды үйретіп, тәрбиеледі.

Гүлжар апай 1961 жылы Мақтаарал ауданы, Абай атындағы колхозда дүниеге келген. 1985 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кітапханатану факультетін қызыл дипломмен бітіріп, Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне университет жолдамасымен қызметке келді. Жас маманға келген бойдан аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушілігі қызметі сеніп тапсырылады. Гүлжар Әбдіқадырқызы 40 жыл осы салада еңбек ете жүріп, кітапхана ісін алға сүйреді. Еңбегі елеусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері», Қазақстандық кітапханалық одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» медальдарымен, спорт және мәдениет министрінің, облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Қазақстанның құрметті кітапханашысының аты-жөні республикамызда шыққан «Қазақстанның үздік кітапханашылары» атты кітапқа да құрметпен жазылды.

Гүлжар Әбдіқадырқызы зейнет демалысына шықса да қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Аудандық, кенттік әжелер алқасының белді мүшесі. Жас ұрпаққа халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын насихаттауда аудан әжелерімен бірлесе еңбек етіп келеді.

(с) Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ, «Мақтаарал» газеті

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ