Воскресенье, 27 апреля, 2025
26 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРЗаң мен тәртіп: Ауыл тұрғындары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтан құқықтық кеңес...

Заң мен тәртіп: Ауыл тұрғындары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтан құқықтық кеңес алды

Мақтаарал ауданына келген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» Атакент кентінің және Мақтаарал ауылдық округінің тұрғындарына құқықтық кеңестер берді.

Заң мен тәртіптің сақталуы аясында ұйымдастырылған шараға келген 50-ден аса ауыл тұрғындары кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіріп жатқан тұлғаларды жауапкершілікке тарту, жеке сәйкестендіру нөмірін алу және жеке куәлікке құжаттандыру, тұрғын үй, ауылға ауыз су құбырын тарту, кәмелет жасқа толмаған баласын мүгедектік топқа шығару, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алу, заңсыз ақша жинау мәселелеріне қатысты өтініштерімен жүгінді.

Жеке қабылдауға келген тұрғындарға мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, адвокаттар мен сот орындаушылар және антикор еріктілер құқықтық кеңестер берді.

Сонымен бірге, құрылысы ұзаққа созылған құрылыс нысандарына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Қоғамдық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында әкімдік басшылығымен лездемелік мәжіліс ұйымдастырылып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы Департамент және аудандық Әкімдік бақылауында.

Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері облыс аумағындағы елді-мекендер мен ауыл тұрғындарына тегін кәсіби – құқықтық көмек көрсетуді және әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылады тұрақты түрде жүргізетін болады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ