Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметҰлы Отан соғысына арналған мемориалдық кешен аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді

Ұлы Отан соғысына арналған мемориалдық кешен аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияның «Киелі мекен» апталығы аясында Мақтаарал ауданында Ұлы Отан соғысына арналған мемориалдық кешен аумағына ауданның ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Атакент кентінде өткен тазалық іс-шарасына аудан әкімі Бақыт Асанов, облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Қанаев, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Мырзахметов, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары П.Есқұлов және ауданның белсенді жастары қатысты.

«Ескерткіштер — елдіктің белгісі, ұлттық тарих пен мәдениеттің құнды жәдігерлері. Әрқайсысы өзінше бір сыр шертеді. Міне, республикалық экологиялық акцияның екінші апталығында біз өзімізге құнды болған жәдігерлерді күтіп ұстауды, сол арқылы оны өскелең ұрпаққа қадірлеп-қастерлеуді үйретудеміз. Әрбір ескерткіштің бойында үлкен тарих жатыр. Біз оның айналасын тазалау, абаттандыру арқылы ата-бабаларымызға, тарихымызға және тарихи тұлғаларымызға құрметпен қарайтынымызды көрсетеміз» — деді, Бақыт Насырханұлы

Іс-шара барысында мемориалдық кешен аумағы жабайы шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылып, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Депутаттар Ж.Қанаев пен Қ.Мырзахметов та тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Іс-шараға еріктілер мен орталық мамандарын қосқанда жалпы 200-ден астам жас қатысты.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ