Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметҰлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданының аумағында орналасқан барлық Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті.

Іс-шараның мақсаты — есімдері тасқа қашалып жазылған Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлерінің ерліктерін кейінгі буынға дәріптеу арқылы олардың бойына еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, патриоттық сезімдерін нығайту.

Аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған топ Мырзакент кентіндегі Даңқ аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қалың көпшілік Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп қаза болған боздақтарды бір минут еске алды.

Мұнан соң іс-шараға қатысушылар аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдараламаны тамашалады. Іс-шарада жауынгерлерге арналған патриоттық әндер айтылды.

Жиында аудан әкімі Бақыт Асанов «Жеңіс күні» мерекесімен барша жиналған қауымды құттықтап, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өмірі кешегі өткен батыр бабаларымыздың арқасы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров та сөз сөйледі.

Айта кетейік, Мақтарал ауданынан 12 мыңнан аса адам Ұлы Отан соғысына аттанып, соның 3900-і ғана аман-есен елге оралған. Екі мыңнан астам тыл ардагерлері де, соғыс жылдарында еңбек майданында жеңісті жақындату үшін аянбай еңбек етті. 11 жерлесіміз «Кеңес Одағының батыры» атағын алып, бүгінде олардың есімдері ескерткіштерге қашалып жазылған. Сондай-ақ, ауданда көшелердің, мектептердің, ауылдардың аттары осы батыр бабаларымыздың есімдерімен аталады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ