Skip to content
Басты бет / Әлеумет / «Tur workout — Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы аясында Мақтааралда турнир өтті

«Tur workout — Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы аясында Мақтааралда турнир өтті

92

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бірлескен жобасы – «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар турнирі Мақтаарал ауданында жалғасты.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры Ерболат Балғабаев пен Мақтаарал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Саттаров жарыстың ашылу салтанатына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жоба аясында департамент қызметкері Гүлзия Қарсыбай жастарға дропперліктің қауіптілігі, банк карталарын бөтен адамдарға пайдалануға берудің заң алдындағы жауапкершілігі туралы айтып, қатысушыларды қаржылық алаяқтықтан сақ болуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстануға шақырды.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, тәртіпті, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жобаның жоғары деңгейде өтуіне Мақтаарал ауданының әкімдігі мұрындық болды.

Жас буынның бойында жауапкершілік, патриотизм, заңға құрмет пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін ауқымды бастамаға ауданның 14 пен 35 жас аралығындағы 100-ге жуық жастары қатысып, бекітілген ережеге сәйкес белтемірге тартылып, қоссырықта жаттығу жасады. Жерден қолды бүгіп-жазу арқылы өзара мықтыларды анықтады. Сондай-ақ, жоба аясында спорттық жарыстармен қатар танымал спортшылар, фитнес-жаттықтырушылары мен ұйымдастырушылар тарапынан жиналғандарға ақпараттық-түсіндіру кездесулері, мотивациялық алаңдар, профилактикалық әңгімелер және жастармен ашық диалогтар ұйымдастырылды.

Осылайша Мақтаарал ауданында өзара үздіктер анықталып, облыстық кезеңге сертификаттар табысталды. Облыстық кезеңде оза шапқандар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.