Четверг, 10 апреля, 2025
17.9 C
Мырзакент
ҮйСЭСТуберкулез – аса қауіпті жұқпалы ауру

Туберкулез – аса қауіпті жұқпалы ауру

Туберкулез –аса қауіпті жұқпалы ауру қатарындағы ауру түрі. Туберкулез ауруының қоздырғышы-туберкулез таяқшалары. Туберкулезден адамның барлық мүшелері, көбінесе өкпе мүшесі зақымдалады.

Туберкулез қалай білінеді (симптомдар). Туберкулез белгілері адам ағзасының шалдыққан мүшесіне қарай анықталады. Өкпе туберкулезінің белгісі 2 аптадан аса уақыт созылатын жөтел болып табылады. Жөтелден адам қақырық бөледі, кейде қан түкіреді. Басқа да жиі кездесетін симптомдар:қызудың көтерілуі, түнгі тершендік, тәбет жоғалту, салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршау.

Жоғарыда айтылған белгілер байқалған жағдайда, өз қалауыңыз бойынша бекітілген, тұрғылықты мекен жайыңыздағы емханаға дереу қаралуыңыз қажет.

Туберкулезге тексерілу: қакырықты зерттеу (2 рет) микроскопиялық және туберкулез микобактериясына молекулалық-генетикалық әдістерді жүргізу сонымен қатар, рентгенологиялық тексерулер жүргізу–тегін!!!

Туберкулез қалай таралады Инфекцияның негізгі таратушысы- сөйлегенде, түшкіргенде және жөтелген кезінде

айналасына туберкулез микобактерияларын (ТМБ) шығаратын өкпе туберкулезінің ашық түріне шалдыққан науқас адам болып табылады

Тыныс алғанда тамшылар іспеттес (аэрозольдер) ТМБ адам өкпесіне енеді, сондықтан мұндай шалдығу жолы ауа жолымен шалдығу деп аталады,

Егер иммунитет мықты болса, ағзаға түскен микобактериялар дерт тудырмайды. Ауа жалпыға ортақ болғандықтан ешкім туберкулез микобактерияларын жұқтыру жағдайынан сақталмаған.Туберкулездің таралу қаупін төмендетудің бірден-бір тиімді әдісі-әрбір туберкулез жағдайын дер кезінде анықтау және емдеу!

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ