Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚТазалық бойынша құрылған жұмысшы топ тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Тазалық бойынша құрылған жұмысшы топ тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Мақтаарал ауданында санитариялық-тазалыққа мониторинг жүргізу үшін аудан әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылды.

Аталған жұмысшы топтың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребековтың бастамасымен елдімекендердің тазалығын тексеру кестесі түзіліп, алғашқы болып Мырзакент кентінің тұрғындары мен кәсіпкерлеріне тазалықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмысшы топ құрамында жергілікті полиция қызметкерлері, аудандық санитриялық бақылау басқармасының мамандары, аудандық жастар орталығы мамандары, Мырзакент кенті әкімі аппаратының мамандары және аудан әкімдігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомстворалық тобының мүшелері бар.

«Ауылдың тазалығы – баршаға ортақ іс. Оған тек жауапты мекеме қызметкерлері ғана емес, ауыл тұрғындары да атсалысқаны абзал. Жалпы, Мырзакент кентінде тазалық жұмыстарын жоққа шығарғымыз келмейді. Бірақ, әлі де жұмысты ширатып, атқарылар істің көп екенін айтқымыз келеді. Алдағы уақытта кенттің тазалығына, көркеюіне мырзакенттіктер біркісідей бірлігі мен ынтымағын көрсетіп, атсалысатынына сеніміміз мол. Аудан орталығы болғандықтан, басқаларға үлгі болуы үшін бірінші мырзакенттіктер тазалық сақтау керек екендігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді» – деді, жұмысшы топтың төрағасы Б.Төребеков.

Жалпы түсіндіру жұмысы барысында қоқыс пен құрғақ шөпті өртегені үшін қандай айыппұл салынатыны ескертілді. Жеке үйдің немесе ауылшаруашылық жерлерінің аумағында қоқысты өртеген азаматтарға әкімшілік айыппұл салынатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар, күл-қоқысты қоқысты шығару үшін арнайы мекемелермен келісім-шарт түзу керектігі ескертілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ