Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйБілімТАРИХ САБАҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ТАРИХ САБАҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Р.Алтынбаеваның жетекшілігімен тарих және құқық негіздері пәндері мұғалімдерімен «Тарих сабағында цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың тиімділігі» тақырыбы аясында ағымдағы жылдың 23 қазан күні тәжірибелік семинар өткізілді. Қоғамдық пәндер жүйесінде цифрлық оқытуды дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін анықтау мақсатында тарих пәніне жаңаша көз қарас жағдайында әдіс алмасу. Оқу процесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың бірыңғай тұғырлары мен ұсынымдарын әзірлеу. Семинарда «Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында Р.Алтынбаева баяндамасымен ашып беріп, келе жатқан «Республика күні» мерекесімен құттықтап, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. «Тарих сабағында ЦБР қолдану арқылы білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбы аясында «О.Бапышев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің» тарих пәнінің мұғалімдері Беспаева Меруерт, Қойжигитов Бауыржан, «Тарих пәнінен білім беруде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында «Т.Әубәкіров атындағы №43 жалпы білім беретін мектептің» тарих пәнінің мұғалімі Мұсабек Құдайберген дөңгелек үстел, «Тарих сабағында инновациялық әдістерді пайдалану» «№5 Мақтаарал мектеп-гимназиясының» тарих пәні мұғалімі Қаныбек Ерболат өз қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинар достық, шығармашылық, іскерлік атмосферада өтті, ашық сұхбат құруға мүмкіндік берді. Әрі қарай жұмыс істеуге және оқуға, сонымен қатар алған білімді іс жүзінде қолдануға ынталандырды. Семинар соңында қатысушы әріптестер өз ойларымен бөлісіп, көптеген мағлұматтар алғандарына ризашылық білдірді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ