Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРСенатор Мақтааралға келді

Сенатор Мақтааралға келді

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Ә.Бектаев, М.Б.Қадырбек, А.Г.Сатыбалдиевтар Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді.

Ең алдымен депутаттар «Мырзакент» мақта зауытының жұмысымен танысып, зауыт жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы мақта қабылдау пункттерінде мыңға жуық адам еңбек етеді. АҚШ-тың соңғы үлгідегі жаңа технологиясымен жабдықталған зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайды. Бірақ шикізаттың жетіспеушілігіне байланысты биыл 40 мың тонна мақта қабылдаған. Соған қарамастан басқа зауыттармен салыстырғанда еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Оған сандық технологияның арқасында қол жеткізіп отыр.

Зауыт жұмысшыларымен кездесу барысында өндіріс орнындағы еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мәселелері сөз болды.

Мұнан соң халық қалаулылары «Жастар орталығы» КММ-нің ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі Бақыт Асанов, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, жастар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан көлемінде шешімін таппай жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтерілді. Өз кезегінде сенаторлар аталған мәселелерді жоғары жақта көтеріп, шешімін табуға атсалысатындарын жеткізді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ