Skip to content
Басты бет / Басты жаңалық / Сарыағаш ауданында кезекті жылды қорытындылау жиыны өткізілді

Сарыағаш ауданында кезекті жылды қорытындылау жиыны өткізілді

207

Сарыағаш ауданында Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Садықбекұлы Нышановтың төрағалығымен Сарыағаш аудандық СЭБ басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау және 2025 жылға қойған міндеттері туралы жиналыс өтті.

Жиын барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын жақсарту мақсатында жүргізілген іс-шаралар баяндалып, өзекті мәселелер талқыланып, 2025 жылға жоспарланған міндеттері талқыланды.

✅Жиын барысында ауыз су бойынша өзекті мәселелер туралы айтылып, келіп түскен арыз-шағымдардың заң аясында қаралуы тапсырылды. Сонымен қатар, менингит, ЖРВИ/тұмау, вирусты гепатит, аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылап, қадағалауды, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

✅Департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы Сарыағаш аудандық СЭББ басшысының және қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, заң аясында сапалы жұмыс жүргізу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.