Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
20.4 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметПолиция басшысы имамдармен маңызды мәселелерді талқылады

Полиция басшысы имамдармен маңызды мәселелерді талқылады

Жақында ғана ҚР ІІМ Е.Саденовтың бұйрығымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалған полиция подполковнигі Ердаулет Дарханұлы Амантаев аудан имамдарымен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Аудандық полция бөлімінің Акт залында өткен осы кездесу барысында жаңадан тағайындалған полиция басшысы ауданымыздың имамдарын өңіріміздегі діни тұрақтылықты сақтау, жастарды жат діни ағымдардан қорғау бағытында тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде сөзге шыққан аудан имамы Нұржан Мұсабеков пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бабашевтар құзырлы орган мен дін өкілдерінің біргелікте атқарар жұмыстары көп екендігін, сондықтан аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Амантаевтың алғашқы қадамын осы бағыттан бастағанына өз ризашылықтарын білдірді.

Айта кетерлігі, Мақтаарал ауданы облысымыздағы халқы ең тығыз қоныстанған ауданның бірі болып табылады және де аудан тұрғындарының 95 пайызы bслам дінін ұстанады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ