Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықӨзбекстанның кәсіпкерлік тәжірибесі мақтааралдықтарға түсіндірілді

Өзбекстанның кәсіпкерлік тәжірибесі мақтааралдықтарға түсіндірілді

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов ауданның шаруа қожалық басышалыр және жеке кәсіпкерлерімен инвестиция тарту мақсатында жиын өткізді.

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмасы берліген болатын. Ағымдағы жылдың 28-30 тамыз күндері аудан әкімі Б.Насырханұлы бастаған жеке кәсікперлер және аудандық маслихат депутаттарынан құралған делегация Өзбекстан мемлекетінің Наманган, Андижон, Ферғана облыстарында болып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын.

Іс-сапар барысында бір қатар кәсіпорындардың жұмыстарымен танысып, біргелікте жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілді. Осыған орай, ауданымыздағы шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлерімен кеңесу және алдағы уақытта атқарылатын инвестициялық жобаларды талқылау, мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында ауқымды жиналыс өткізілді.

Жиын барысында аудан әкімі Б.Асанов көрші мемлекеттің тәжірибесін ала отырып, өзіміздің өңірде, жеңіл өнеркәсіп саласын, аяқ киім тігу, жихаздар құрастыру және қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыстар атқаруымыз қажеттігін айтып өтті. Сондай-ақ, жиын барысында іс-сапармен барып қайтқан кәсіпкерлер және маслихат депутатары да өз ойларын жеткізді.

Халықтың сұранысына сәйкес, алдағы уақытта инвестициялық жобаларды көбейту мақсатында әрбір ауылдық округі аумағында түрлі кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлерді жинап қажетті мамандардың қатысуымен жиі жиындар ұйымдастыру сұралды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ