Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Облыстық мәслихаттың депутаттары аудан тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихаттың депутаттары аудан тұрғындарымен кездесті

91

Мақтаарал ауданында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Ж.Қанаев пен Ж.Құрақбаев аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесу жиынын аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков жүргізді. Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Ж.Құрақбаев баяндама жасап, депутаттық қызмет аясында атқарылып жатқан жұмыстар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы міндеттер жөнінде ақпарат берді.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Депутаттар тұрғындардың сауалдарын тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары бойынша тиісті түсініктемелер берді. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобалар, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға арналған жұмыстар, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

Халықпен тікелей жүздесу – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, жергілікті жерде қордаланған мәселелерді анықтап, олардың шешілу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Кездесу қорытындысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру және олардың орындалу барысын бақылауда ұстау жөнінде нақты міндеттер белгіленді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.