Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМырзакенттің мырза пейіл аспазы

Мырзакенттің мырза пейіл аспазы

Мырзакент кентінде аспаз Мирсадық Халиевтің жеке асханасы бар. Мұнда келушілердің қарасы көп. Бәрі осы асхананың дәмі тіл үйірген тағамдарын сүйсіне жейді. Отыз жылдан бері аспаз болып жұмыс істейтін Мирсадық Огланұлы – нағыз өз кәсібінің шебері. 

– Бұл асхана іші үнемі мұнтаздай таза. Даяшылар өте мәдениетті, сыпайы. Қандай тағамды ұнатасыз, сол асты шай-сусынмен лезде алдыңызға әкеле қояды. Тағамдары өте дәмді, шебер аспаздың қолынан шыққанын байқау қиын емес. Бағасы да арзан, қолжетімді. Біз Мирсадықтың асханасынан дәм татуға сол себепті құмармыз, – дейді осы асхананың тұрақты клиенттерінің бірі – Жанболат Сәрсенбекұлы. 

Мирсадық Огланұлы әзірбайжан ұлтының өкілі, қазақша жақсы біледі. Қазақ достары да  аз емес. Мирсадық өзінің туған ана тілін  ұмытқан емес. Салт-дәстүрлерін де ерекше құрметтейді. «Менің бүкіл  жастық шағым осы қасиетті де киелі Мырзашөл жерінде өтті. Осы топырақта  тамыр жайып, туған-туыс, дос-жаранмен сыйласып келемін. Мен үшін Мақтаарал өңірі – өте қымбат, қастерлі мекен. Қазақ халқының қонақжай, кеңпейіл, мейірімді болмысын, даласындай дархан көңілін, адамгершілік қасиеттерін үлгі тұтамын. Әрдайым еліміздің  береке-бірлігін, бейбіт өмірімізді бағалай  білейік. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында қылмыс, Құдай алдында – күнә. Осыны  бәріміз терең  түсінейік дегім келеді» дейді Мирсадық.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.

Мақтаарал ауданы.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ