Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
35.1 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМұқтаж жандарға қол ұшын созу - қазақтың қанында бар қасиет

Мұқтаж жандарға қол ұшын созу – қазақтың қанында бар қасиет

Наурызнаманың 10 күндігіне сәйкес, 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн – еліміздің халқын мейірімділік пен татулыққа шақыратын күн.

Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені, көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез-келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.

Осыған орай, Мақтаарал аудандық орталық «Абдул-Аким» мешітінің ұйымдастырумен «Мейірім-Шапағат» оңалту орталығының тәрбиленушілерін қуанту үшін «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Акция барысында «Ел бізге аманат» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен 17 аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне азық-түлік пакеттері таратылды.

Айта кетейік, қайырымдылық іс-шарасы аудан көлемінде жалғасын табуда.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ