Среда, 19 февраля, 2025
6.7 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібін сақтамаған

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібін сақтамаған

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Агенттік тапсырмасына сәйкес,«Е-лицензия» порталы арқылы ұсынылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша заңнаманың сақталуына сыртқы мониторинг жүргізілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 6-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкері жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркеуді жүзеге асырады және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде рәсімделетіні айқындалған.

Демек, жерге орналастыру жобаларын бекіту және қызмет көрсетуден

бас тартулар тиісті мемлекеттік органның басшысымен берілуі қажет.

Өз кезегінде, қызмет алушы «Е-лицензия» порталымен жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту үшін қызмет көрсетуші бөлімге өтініш берген.

Алайда, Бөлім мемлекеттік қызметті көрсету барысында Қағидамен

қол қою құқығы берілмеген басшы орынбасарымен жерге орналастыру жобаларын бекітуден бас тартылғаны анықталды.

Осы секілді бұзушылықтар 1322 қызмет алушының өтініштеріне қызмет нәтижесін ұсыну барысында орын алған.

Нәтижесімен, Департамент тарапынан тиісті мекемеге анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін заңнамалармен белгіленген лауазымды тұлғалармен беру туралы ұсыным енгізілді.

Қазіргі таңда, Департаменттің ықпалымен аталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесімен жыл басынан 200-ге жуық қызмет алушыларға қолданыстағы Қағидаға сәйкес қызмет нәтижесі берілуде.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ