Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРМемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні. Аталған кәсіби мерекеге байланысты аудан әкімі аппаратында салтанатты жиын өтіп, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков бір топ белсенді еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерді арнайы алғыс хатымен марапаттады.

«Мемлекеттік қызметкердің басты қағидасы – халыққа қызмет ету. Халықтың игілігіне жұмыс істеп, елге қолайлы жағдай туғызуларыңыз керек. Мемлекеттік органға шағымданған, жүгінген кез-келген адам, мемлекет көрсетуге тиісті қызметтің барлығын еш сергелдеңсіз, дер кезінде және сапалы түрде алуы тиіс. Сондықтан да, кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін. Абыройлы болыңыздар!» — деді, Бейсенбай Тасболатұлы.

Айта кетейік, егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін ендіріп, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрды.

Қазақстанда бұрынғы Кеңестік мемлекеттердің ішінде алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізіліп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі түрлі шаралар іске асырылды.

2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бұл күнді «Мемлекеттік қызметшілер күні» деп жариялап, аталған бастаманы еліміз де қолдады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ