Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
31.5 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚ«Мақтааралдың» орнын «Ақжайық» басады

«Мақтааралдың» орнын «Ақжайық» басады

Футболдан Қазақстан премьер лигасында өнер көрсететін түркістандық «Мақтаарал» клубы қаржылық қиындықтарға байланысты чемпионаттағы орнын оралдық «Ақжайыққа» босатуы мүмкін. Былтырғы маусымда атакенттік ұжым премьер лигадағы 14 клубтың ішіндегі бюджеті ең жүдеу команда болып танылған. Соған қарамастан олар ел чемпионатының жоғары дивизионындағы орнын сақтап қалған.

Биыл премьер лигаға түркістандық тағы бір клуб «Тұран» қайта оралды. Екі бірдей клубтың премьер лигада ойнауы облыс бюджетіне салмақ салады. Сондықтан «Мақтаарал» футбол клубы премьер лигадағы орнын оралдықтарға беруі мүмкін. «Ақжайық» былтырғы маусымда бірінші лигада семейлік «Елімай» мен түркістандық «Тұраннан» кейінгі үшінші орынды иеленген.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын «Мақтаарал» футбол клубы шетелдік инвестормен келісімге келді деген әңгіме шыққан еді. Алайда, ол ресми расталмады. Наурыз айында футболдан ел чемпионаты басталады. Егер атакенттік клуб соған дейін қаржылық проблемаларын шеше алмаса, биылғы маусымды бірінші лигада бастайды.

Е.Қожахметұлы.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ