Skip to content
Басты бет / MAKTAARAL TV / Мақтааралда жастар арасында «Жаңа Конституция — жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Мақтааралда жастар арасында «Жаңа Конституция — жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

81

Мақтаарал ауданында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ауданның ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Тұрсынханов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов және жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар қатысып, Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды.

Кездесу барысында Конституциялық реформалардың елдегі саяси жаңғыру үдерісіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ әділетті қоғам қалыптастыруға қосатын үлесі туралы кеңінен айтылды.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар Конституцияда көзделген негізгі қағидаттардың бүгінгі қоғамдағы орны, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі және жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін арттыру мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде жастар елдің болашағын қалыптастырудағы өздерінің жауапкершілігі мен рөлі туралы көзқарастарын білдіріп, қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді талқылады.

Шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар Конституцияны терең білу әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне, заң талаптарын құрметтеуге және қоғамдық өмірге белсенді араласуына негіз болатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі саналатын конституциялық құндылықтарды дәріптеу, заңға құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті нығайту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы сөз болды.

Іс-шара соңында қатысушылар мұндай танымдық әрі тағылымды кездесулер жастардың құқықтық білімін жетілдіруге, ел дамуына бейжай қарамайтын белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға және Конституцияда бекітілген демократиялық құндылықтарды кеңінен насихаттауға оң ықпал ететінін атап өтті.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.