Жұма, Қазан 25, 2024
10.2 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда жас мемлекеттік қызметшілер ант берді

Мақтааралда жас мемлекеттік қызметшілер ант берді

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кірген кезде халыққа адал және кәсіби қызмет етуге ант беруі міндетті.

2022 жылдың 24-қазанында Республика күні ұлттық мерекесін мерекелеу қарсаңында Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті Маңғыстауова Айгерім Халбайқызы және Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы Сәбденов Хамит Берікұлы ант беру рәсіміне қатысып, жұмысқа жаңадан кірген жас мемлекеттік қызметшілер отанға, еліне және қызметіне деген адалдығын білдірді.

Жас мемлекеттік қызметшілер ел мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінетіндерін, Президенттің сарабдал саясатын іске асыру барысында адал еңбегі мен терең білімі ғана сәттілік кілті болатындығын, елге адал қызмет етуге, кәсіби қызметіне күш-жігерін аямай жұмсауға, білімі мен тәжірибесін ұштастыруға ант берді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ