Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚМақтааралда жаңа мешіт пайдалануға берілді

Мақтааралда жаңа мешіт пайдалануға берілді

Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Әл-Фараби ауылында жаңадан бой көтерген «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті пайдалануға берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, облыстың бас имамы Ержан Төлепов нысанның ашылуы рәсіміне қатысып, ауыл жұртшылығын құттықтады. Сондай-ақ, іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бабашев, аудандық мәслихаттың депутаттары, еңбек ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

«Әрине, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, дін мен дәстүріміз берік сақталған Мырзашөл өңірінде жомарт кәсіпкерлер өте көп. Осындай өлкеде мешіттердің көптеп ашылуы – бүгінгі ұрпаққа рухани тәрбие. Өйткені, бұған дейін мешіті болмаған ауыл тұрғындарының тілегі орындалды. Жаңа мешіт еліміздегі бірлік пен келісімді сақтауға, жастарды тәрбиелеуге өз үлесін қосатынына сенімдімін!» – деді, облыстың бас имамы Ержан Сматұлы.

Сәулеті келіскен жаңа мешіттің көлемі 300 шаршы метрді, жерінің көлемі 18 соттықты, күмбезінің биіктігі 20 метрді құрайды. Мұнда бір мезетте 400 адам құлшылық жасай алады. Сондай-ақ, ауыл имамының қызметтік кабинеті, дәрісханалар сияқты тағы басқа қызметтік орындары бар. Келушілерге қолайлы болу үшін ғимараттың айналасындағы аумақ көгалдандырылған. Автомобиль тұрағы да жұмыс істейді.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған ауданның бірі. Аудан тұрғындарының 95%-ы ислам дінін ұстанады, қалған 5%-ы христиандық бағытта діни құлшылықтарын орындайды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ