Вторник, 6 мая, 2025
36.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Мақтааралда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, оларды Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қоғам үшін сіңірген еңбектері орасан ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл игі шарада Серік Алтынбекұлы ардагерлерге аудан әкімі Бақыт Асановтың ыстық сәлемін жеткізіп, сый-сияпаттарын табыстады. Сонымен қатар, ол олардың ерлікке пара-пар еңбектерін ерекше атап өтіп, бүгінгі бейбіт өмір мен тұрақтылықтың негізі – сол жылдардағы жанкешті еңбек пен төзімділікте екенін баса айтты.

«Біз сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында бүгінде тәуелсіз елде бейбіт өмір сүріп отырмыз. Тылдағы қажырлы еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Бұл – жас ұрпақ үшін өшпес өнеге» – деді, аудан әкімінің орынбасары.

Сапар барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, сол бір сұрапыл жылдардың қиыншылықтары мен халықтың бірлігі туралы айтып берді. Қариялар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан ілтипат пен қамқорлық үшін ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен берекесін тіледі.

Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аудан әкімдігі тарапынан Жеңіс күніне орай ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл – соғыс және тыл ардагерлерінің еселі еңбегіне деген лайықты құрметтің белгісі.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ