Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда «Таза Қазақстан» аясында рейдтік жұмыстар күшейтілді

Мақтааралда «Таза Қазақстан» аясында рейдтік жұмыстар күшейтілді

258

Мақтаарал ауданында тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында мобильді топ құрылып, рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылуда.

Мобильді топ мүшелері аудан аумағындағы саябақтар мен скверлерді, жағалау аймақтарын, демалыс орындарын, базар аумақтарын және халық көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындарды аралап, санитарлық тазалық талаптарының сақталуына бақылау жүргізуде.

Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық және экологиялық мәдениетін арттыру.

Жүргізілген аралау жұмыстары барысында тазалық қағидаларын бұзудың 32 фактісі анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтарда және базар аумақтарында белгіленген талаптарды сақтамаған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 13 тұлғаға 13 әкімшілік хаттама, ал 505-бабы бойынша 19 тұлғаға 19 әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде құқық бұзушыларға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, жалпы сомасы 631 450 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Мобильді топ өкілдері рейд барысында тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмей, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. Азаматтарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, абаттандыру талаптарын бұзбау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы заңнама талаптарын орындау қажеттігі түсіндірілуде.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.